Үкім өзгеріссіз қалдырылды

Мұнайды заңсыз экспорттаумен шұғылданушыларға шығарылған үкім өзгеріссіз қалдырылды. Бұл туралы облыстық сотта апелляциялық процеске төрағалық етуші судья Қайырбек Елемесов хабарлады. — Мұнайды заңсыз экспортқа шығарғандары үшін жазаланған қылмыстық топ мүшелерінің апелляциялық шағымын қараған апелляциялық коллегия іс жағдайын тексеріп қарап, Ақтөбе облысы қылмыстық іс бойынша мамандандырылған сотының тұжырымын заңды деп таныды және өкімді өзгеріссіз қалдырды,— деді ол.— … Әрі қарай оқу Үкім өзгеріссіз қалдырылды